Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жалалидин Рахматуллаев баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Пандемия басталғалы эпидемиологиялық ахуалдың екі рет өршігені байқалды: 2020 жылдың шілдесінде және қарашасында. Бүгінде 2021 жылдың сәуірінен бері инфекцияның үшінші толқыны жүріп жатқаны байқалады» деді ол.
Министр орынбасарының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға дайын. «Қызыл» аймақта жұмыс істеу үшін кадрлар резерві құрылған, сондай-ақ, COVID-19 жұқтырған науқастарды орналастыру үшін қосымша төсек-орын дайындалған.
Қырғызстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары 2020 жылғы наурыз айында анықталған. Былтыр шілдеде күн сайын инфекция жұқтырғандардың мыңнан аса дерегі тіркелген. Ал осы жылдың маусымынан бастап елде күніге 500-ге жуық тұрғын COVID-19 жұқтырып жатыр. Дәл қазіргі уақытта коронавирус дертін жабыстырған саны 111 мыңнан асады.
Жалпы, Қырғызстанда COVID-19-дан 1,9 мыңнан аса адам қайтыс болған.