RSS лента

«Біз білмейтін қылмысты ит сезеді…»

  • 23.06.2021, 00:49,
  • 613
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Көпшілікке таңсық қызмет барысымен таныстырған кинологиялық орталықтың бастығы подполковник Азамат МАУКЕНОВ көпшілік біле бермейтін қызықтармен бөлісті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Орталықтағы иттің «тілін» түсінетін мамандардың бір күндік өмірі қалай өрбитінін көзбен көріп қайттық.

 

– Қ а з а қ х а л қ ы « ж е т і қaзынaның бірі» деп итке құрметпен қaрaғaн. Біз төрт аяқты серігімізді қызметтегі басты қаруымыз деп са – наймыз. Өйткені, олар иіс арқылы қылмысты тез ашып, басқа жағдайды да шапшаң aнықтaуға көмектеседі. Олар oдoрoлoгиялық, қaрayылдық, штyрмдық бaғыттaғы және пaтрyльдік кедендегі иттер бoлып бөлінеді, – деген Азамат Қазиханұлы жануарларды сипаттай жөнелді.

 

Қаз-қатар тұрған торда «төрт аяқты полицей» туралы мәлімет жазылған. Бір қызығы, адамның жеке ісі секілді қызметтік иттердің де жеке іс-парағы болады екен. Онда ит тұқымы, кинoлoгиялық oртaлыққa келіп тіркелген күні және қaшaн, қaндaй қылмысты aшyғa бaрғaны жaзылaды. Тіпті, ветеринарлық құжатында алған емі мен вакцинасына дейін көрсетілген. Б ұ л қ ы з м е т п о л и ц и я департаментіне қарасты. Яғни, кинолог пен ит бірлесе жұмыс істеп, қылмыстың алдын алады. Қазір орталықтағы 14 ит із кесу, есірткі және жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті с а қ т ау б о й ы н ш а т ә р т і п сақшыларына жәрдемдеседі. Таяуда Алматыдан тағы да 4 ит келмекші. Орталық бастығының айтуынша, күзет, қауіпсіздікті қадағалау, қылмыскерлерді қ ұ р ы қ т ау м а қ с ат ы н д а ғ ы жұмыстарға бельгиялық және неміс овчаркалары, спаниель, лабрадор тұқымдас иттер жұмылдырылады. Арнаулы торға қамалған иттер бізді көріп арсылдай жөнелген еді. Кіші инспектор-кинолог Райымбек Мұханбетовтің «тыныш» деген бір ауыз сөзі оларды жымдай қылды. Әскери тәртіпке олардың да әбден көндіккенін байқадық. Райымбек бізге Малыш есімді серігін таныстырды.

 

– Жуырда қызметтік іздестіру бойынша итім – Малыш ерлік жасап, қылмысты әшкереледі. Есірткі заттарын іздеу бағытында ж ат т ы қ т ы р ы л ғ а н с е р і г і м күдіктінің автокөлігіне тінту жасады. Ит көлік салонын түгел қарап, көлік отырғыштарының бірінің астындағы кілемше мен целлофан астына жасырған к ү м ә н д і ұ н т а қ т ы т ап т ы . Сараптама қорытындысы да мұның есірткі екенін растады. Сөйтіп, жаттықтырушы ретінде Малыштың орталықтың мақтанышына айналғанын баса айтқым келеді. Мен қызметтес серігіме ризамын, – деген Райымбек досының жетістігіне қуанды.

 

Оларды үйрету үшін де кәсіби шеберлік керек. Әуелі күн сайынғы оқу-жаттығу белгіленген күнтізбе бойынша жүреді. Қызметкерлер өздеріне бекітілген көмекші-иттерімен күніне екі сағат бойы жаттығулар жасайды. Сондай-ақ кинологтар қызметтік иттерімен бірге ІІМ-нің кинологиялық қызмет орталықтарына жіберіліп, білімдерін шыңдап, дайындық курстарынан өтеді. Күні кеше облыс атынан іссапарға барған кіші инспектор-кинолог, полиция старшинасы Азамат Күнтуаровқа қызметтік ит беріліп, жақсы нәтижелер көрсеткені үшін облысаралық нәтижемен 4-орынға ие болған екен.

 

– Маған берілген қызметтік иттің лақап аты – «Демми». Ол – 2 жаста. Оқу курсында біздерді одорологиялық иіс арқылы қылмыстық істерді ажыратуға үйретті. Демми екеуміз жақсы нәтижелер көрсеттік. Суырылып алға шығып, 4-орынға ие болдық. Алдағы уакыт – та да осы қызметтік итіммен үлкен жетістікке жететініме сенімдімін, – дейді Алматыға барып тәжірибе жинақтаған жас маман.

 

Расында, итті кинологқа бекіту оңай жұмыс еме с. Алдымен, жаттықтырушы мен ит жануарының мінездеріне, темпераментіне аса мән беріледі екен. Адамның психологиялық тұрғыдан мінез-құлқы төртке бөлінсе, иттер де дәл солай. Мәселен, сангвиниктер пәрменді (берілген команда) тез қағып алып, қызметте шапшаң қимылдайды. Мелонхолик иттер байсалды болып келеді, олар көп жағдайда жарылғыш затты іздеуге үйретіледі. Егер ит пен оның иесінің темпераменттері қарама-қайшы болса, іс алға өрлейді екен. Орталық бастығы Азамат Маукеновтың айтуынша, иісшіл иттер жыл басынан бері тергеу-жедел топпен бірге 370-ке жуық қылмыстық оқиға орнына барған. Олардың көмегімен 150-ге жуық қылмыстың ізі суымай ашылыпты. Ал, орталықта 5 инспектор-кинолог жұмыс жасайды, оның 1-еуі аға инспектор. Қылмыс көрсеткішін азайту мақсатында Индер, Жылыой, Мақат және Құрманғазы аудандарынан орталық филиалдары ашылған.

 

– Төрт аяқты көмекшілерімізді әу бастан қырағы әрі жылдам естуге, нұсқаушының кез-келген бұйрығын бұлжытпай орындауға үйретеміз. Әйтпесе, жұмысқа салақ болады. Әр иттің тілін тауып, оның осындай қасиеттерін дамыту үшін өз ісінің маманы болу және оларды баптап, үйрету жүйесіне үлкен күш жұмсалады, – деген орталық басшысы бельгиялық овчарка тұқымдас Нукердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сенімділігіне тоқталды.

 

Міне, Нукер тым тынымсызданып кетті. Шамасы, қарны ашс а керек. Бірақ жаттықтырушысы оның ыдысына тамақ салып болғанша жақындаған жоқ. Тек «тамақ жеуге болады» деген бұйрықты естіген бойда тамаққа бас қойды. Талап бойынша, жауынгер иттерді асырап, баптау үшін де аз қаражат кетпейді екен. Оларға құрамында май, ақуыз, кальций секілді дәрумендері бар дайын тамақ беріледі. Оның да өзіндік режимі бар. Су қалауынша алдында тұрса да, тамақты жаз айларында екі, қыс мезгілінде үш мезгіл береді. Тағы бір ескере кететін жайт, әр кинолог өз итіне өзі тамақ береді. Өйткені, ит бір адамға үйренуі керек. Таңғы астан соң жануарлар бір сағаттай демалады. Себебі, ас ішкеннен кейінгі қимылқозғалыс иттердің асқазанына кері әсер етеді екен. Сосын итті қалай жаттықтыратынын бақыладық. Таңғалдырғаны, Нукердің қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі бұйрықтарды бірдей түсінетіні. Бұл иттің де өзінше мінезі бар, кейде бұйрықты естімеген болып жүреді. Егер кинологтың дауысы қатуланса, Нукер де жіптей есіле қалады екен. Жаттығу кезінде иттерде кинолог дамытқан қабілеттер қалыптасады. Кейбірі есірткіні жақсы тапса, енді бірі өзара алысып ойнайды. Есесіне олардан керемет сарбаз иттер шығады. Иттің есірткі тәріздес заттарды қалай сезетінін сұрағанымызда, бас кинолог әу бастан иттің е с і р т к і н і а л м а с т ы р а т ы н қоспаның иісіне үйретілетінін айтты. Қызметтік иттер үшін жаттығу кезінде биік мұнараға с ат ы м е н к ө т е р і л і п , б и і к қабырғадан секіру оларға түк емес. Біздіңше, ит шаршамайды деген түсінік қалыптасқан. Сөйтсек, олай еме с екен. Жарты сағаттық жаттығудан кейін Нукердің іс-әрекетінен к ә д і м г і д е й қ а ж ы ғ а н д ы қ а ң ғ а р ы л д ы , б а с т ап қ ы д а й құлшыныс жоқ. Сол себепті оны демалдыру үшін вольерге кіргізді. Келесі жаттықтыру уақыты б а с т а л ғ а н ш а , к и н о л о г и я орталығының басшысынан өздерінің жұмыстары туралы әңгімелеуді өтіндік.

 

– Иттерді бейімдеудің бір тәсілі – ойын әдістері. Доппен ойнау – олардың сүйікті ісі. Ит неғұрлым көбірек команданы орындай білсе, соғұрлым жақсы дамып, әр нәрсеге машықтана түседі. Қызметтік иттер бір адамға үйреніп, сол адамның ғана бұйрығын орындайды. Ал екінші адамға үйрену үшін 2-3 жыл уақыт керек. Әр маманға екі иттен бекітіледі. Біздің орталықтағы кинолог мамандар Алматыда үш ай оқып, итпен жұмыс істеудің қыр-сырын үйреніп келеді. Бір ғажабы, адам бірдей дегенмен, кез-келген жан кинолог бола алмайды. Итпен жұмыс істеу үшін тіл табыса білу керек. Өйткені, жан-жақты дайындықтан өткен маман ғана қылмысты ашуға қол ұшын бере алады. Сондықтан, осы саланы таңдағандар үшін талап та қатаң. Олар бұрын істі болмаса, әскерде осы сала бойынша сынақтан өтсе немесе жануарларды баптауға икемді болса ғана жұмысқа алынады, – дейді облыстың бас кинологы.

 

Орталық басшысынан жұмыс барысындағы ерлік істер туралы да әңгімелеуді өтіндік.

 

– Ерлік деп бөле-жара айтуға болмас, өйткені барлығы да біздің міндетіміз. Әйтсе де бір оқиға есімде қалды. Бірде Курилкин ауылында ұрлық болды деген хабар келіп түсті. Жалма-жан киініп, итімізді алып бардық. Төрт аяқты көмекшіміз дереу ізге түсіп, қылмыскерлерді жағалаудан тауып алды. Тексеру барысында олардың қалтасында есірткі барын да серігіміз анықтады. Сөйтіп, ұрыны іздейміз деп жүріп, екінші қылмысты ашуға тура келді, – деді ол.

 

С о н ы м е н , к и н о л о г и я орталығында аз ғана уақыт болғанда бұл жұмыстың үлкен сабырлылық пен төзімділікті қажет ететінін түсіндік. Кинолог болу үшін итті жақсы көру жеткіліксіз. Күшік кезінен мәпелеп өсіріп, оның ішіпжеміне де мұқият болған жөн. Алғашқы «танысқан» сәттен-ақ үйрету тәсілдерін бастауға тура келеді. Себебі, ол да бала тәрізді. Жастай берілген тәрбиенің нәтижесі өскен сайын көрінеді. Қалай үйретсең, қай бағытта баптасаң иттің сенімі де солай орнығады. Оған «ит қой» деп қарамай, түсіне білу керек. Маңыздысы, иттің өз міндетін адал әрі жауапкершілікпен а т қ а р у ы н ы ң 7 0 п а й ы з ы үйретушісіне байланысты екен.

 

Демек «Баланы – бастан» деген тәмсілдің бұл жерде де маңызы зор екенін атап көрсеткен ләзім. Ал, кәсіби маман ретінде шыңдалып шығу үшін біраз тәжірибе мен уақыт керек. Міне, иттің тілін тауып, қызметіне пайдаланған ма ма н д а рд ы ң б і р к ү н д і к жұмысымен таныстығымыз осылай аяқталды. Күні бойы кинолог қызметінің қырсырына қаныққан, біз, мұның шын мәнінде төзімділік пен қырағылықты талап ететін жұмыс екеніне көз жеткіздік.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости