Әр жерде жатқан өлі иттер әлеуметтік желіні «жаулап» алды. Қаңғыбас жануарларды қорғаумен айналысатын «Zoo_mir» ұйымы мұның себебін анықтады. Ондағы мамандар біреулер иттерді атпаса да, ұйықтатып жатыр деген болжам жасап отыр. Расында да, мұны иттердің жарақаты айғақтайды.
«Иттер аялдамалардың маңында өлі күйінде жатыр. Оларды алып кетсін, көмсін, әйтеуір бірдеңе жасасын. Иттердің атылғанын көпшілік қауым қалады. Енді міне, оларды өлтіріп жатыр. Бірақ біз жануарлардың өлексесінің иісімен тыныс алуға міндетті емеспіз» деп жазады желі қолданушылары.