RSS лента

«Ал, бюджетті үнемдеу ше?»: депутат ӨЖЖ (ИВЛ) құрылғыларына қатысты Мәминге сауал жолдады

  • 24.07.2020, 10:36,
  • 838
  • 0
  • Автор:

Депутат Азат Перуашевтан Премьер-министр Асқар Мәминге хат жолданды. Онда мәжілісмен өкпені жасанды желдету құрылғыларын сатып алу мәселесін көтерген. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің іс-әрекетіне риза болмай қалды, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Перуашев өзінің Twitter-дегі парақшасында Мәминге жолдаған хаты жайлы хабарлады.


«Премьер-министрге "ОралМедРегион" ЖШС бойынша хат жолдадым. Жасанды тыныс алдыру аппаратының отандық өндірушісі оларды Атырауға жеткізу бойынша келісімге келген. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі келісімшартты бұзуды талап етіп отыр, себебі олар жасанды тыныс алдыру аппараттарын Түркиядан 30 миллиард теңгеге сатып алып жатыр. Ал бюджетті үнемдеу мен ұлттық мүдделер қайда қалды?» деп жазды ол мекемеден келген хатты көрсетіп.


Онда компания 21 шілдеде Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасымен 45 отандық жасанды тыныс беру аппараты МВ 200 «Зислайнды» жеткізуге келісім жасағаны көрсетілген. Бірақ келесі күні басқарма Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сілтеме жасап, компания басшылығына келісімшарт біржақты түрде тоқтатылатынын хабарлаған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости