Махамбет ауданының қырлы аймағында, дәлірек айтқанда, Бейбарыс ауылына жақын тұста суға толы үлкен шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Шұңқырдың ені 10 метрден де асып кетеді. Білгеніміздей, бұл жер жекеменшік мекеменің иелігінде екен. Ал, жақын маңда бейіт орналасқан. Жергілікті әкімдік аталған аумаққа тиісті мамандар жіберілетінін жеткізді. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.