«Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен Ақсай-2 шағынауданының көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын «Атыраукөлік» ЖШС салған болатын. Алайда құрылысы барысын қараған техникалық қадағалаушылар бұл жолдардың қисық төселген, төмен түскен және жобаға сәйкес келмейтін жерін қайта жасау туралы ескертпе берді. Аталған кемшіліктер қалыпқа келтірілген соң ғана жергілікті әкімдік өз балансына қабылдап, қаржысын аударады. Сондықтан қазір салынған жолдарды түзету жұмыстары жүріп жатыр» делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.