Жазбада жаңа әкім келісімен әкімдіктегі мамандарды қудалау басталғаны жазылған. Бір қызығы, бұл жазбалар әкімдік қызметкерлері атынан бағытталса да, нақты иесі кім екені жазылмаған.
Ал, бейресми мәлімет бойынша бұған дейін әкімдік тарапынан аталған бөлімге аудит, яғни, тексеріс жүргізіліп, бірқатар кемшіліктер анықталған екен. Енді қылмыстық қудалаудан қорыққандар әкімге қарсы осындай қауесеттер таратуды қолға алуы мүмкін деген болжам бар.
Біз бұл мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратоваға хабарласқан едік.
«10 қараша күні Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандарымен еркін форматта кездесу өткізді. Онда қала әкімі мамандар тарапынан ұсыныс-шағымдар болса, әркез байланыста екенін айтты. Дегенмен, шағым білдірушілер болмағанын қаперінізге беремін» деп жауап берді әкімдік өкілі.
Сонда, Атыраудың әкімін қаралап жүрген кім? Бұл жағы тексерістен соң белгілі болмақ.