Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында «Теңізмұнайкомплект» ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әр түрлі қызмет атқарды.
06.1999 – 01.2001 жылдар аралығында «РАМАКО» ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары; 01.2001 – 02.2008 жылдар аралығында «Казстройсервис ЛТД» ЖШС-да директор; 02.2008 – 10.2008 жылдар аралығында Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі; 10.2008 – 07.2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары; 07.2009 – 10.2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі; 10.2018 – 02.2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы; 02.2019 – 09.2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары; 09.2019 – 03.2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі; 03.2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болды.
Облыс әкімі Шәкір Кейкіннің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы саласында және мемлекеттік басқару қызметінде үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар Атырау қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.