RSS лента

Сот қаулысымен қамауға алынды

Автор фото: freepik.com

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысы бойынша Қ.Оразбаевқа қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды» делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.


Бұған дейін Атырау қаласында әкім болған Қайрат Оразбаевты облыстық прокуратура қызметкерлері жер қатынастары саласына қатысты күдікпен ұстаған болатын.

 

«Облыстық прокуратура қала аумағындағы жер учаскелерін заңсыз бөлу дерегі бойынша қала әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 9 қарашада аталған іс бойынша қала әкімінің бұрынғы әкімі Қайрат Оразабев ұсталды. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды» деді облыстық прокуратураның ресми өкілі Қанат Қабдолов.

 

Айта кетейік, Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары мұнайлы астананы басқарды. Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылды. Бұған жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде өз қарсылықтарын білдіріп, әкімді қайтаруға үндеу жасады.

 

«Осы екі жыл Атырау қаласы әкімдігі ұжымы және қоғаммен қызмет атқару кезінде біраз тәжірибе жинақтап, үйренгенім көп болды. Әсіресе қарапайым мұқтаж тұрғындардың, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылардың алдыма қойған мәселелерінің шешілуіне қолымнан келгенінше көмек көрсетуге баса назар аудардым. Елге келген нәубет пандемия да өзінің ауртпашылығын көрсетті. Бұл кезеңде де қала әкімдігі, еріктілер және қоғам жанашыларымен белсене тиісті жұмыстар атқарылды. Осы екі жыл ішінде қала бюджеті өте төмен болып, жұмысты жолға қоюға айтарлықтай әсер етті. Бұл ретте, осыған дейін жасалған құрылыс нысандары және инфрақұрылым сапасы шынайы сын көтермеді. Осыған орай, қалалық әкімдіктің ұжымы жоғары деңгейде қызмет етті. Кейде мүмкін емес жұмыстарды да атқарды» деген жауап жазды сол кезде экс-әкім өзінің әлеуметтік парақшасында.





 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости