Видео авторының сөзінше, тікұшақ «вирус шашып жүр». Аталған видеоға қатысты «Қазавиақұтқару» АҚ-тың баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
«2022 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ ұшағы шартты өртті сөндіру бойынша жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларына тартылды. Оқу барысында су ағызу құрылғысы арқылы суды төгу техникасы қолданды» делінген хабарламада.