Бұл оқиға 14 ақпан күні №2 "Ақсұңқар" бөбекжай-бақшасында орын алғаны айтылады. Аталған мекеме Атырау қаласына қарасты Көкарна елдімекенінде орналасқан. Видеодан әйелдердің стақан соғыстырып отырғанын көруге болады.
Аталған іс бойынша қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп, бейнежазбаның былтыр күзде түсірілгенін анықтады. Ал, әлгі әйелдер педагог емес, еден жуушылар болып шықты. Олар сол кезде қатаң сөгіспен құтылған екен.