Тәрбиеші сабақ үстінде баланың бетінен ұрып, дене жарақатын салған. Дерек топта орнатылған бейнебақылау камерасына жазылып қалған.
Баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шеттетілді, балаға дене жарақатын салуға жол берген мектепке дейінгі мекеменің басшысы да жауапқа тартылады.
Қалалық білім бөлімі Атырау қаласындағы 46 мемлекеттік балабақшада орнатылған бейнебақылау камералары арқылы мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне бақылауды күшейтеді.
8 қарашада болған оқиға бойынша ҚР ҚК 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.