Жалақы айырмашылығы – 33,7%. 2022 жылы ерлер орта есеппен 355,3 мың теңге, әйелдер 265,8 мың теңге алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ал басқа аймақтарда ерлердің орташа жалақысы:
Атырау (631,8 мың теңге);
Маңғыстау (590,6 мың теңге);
Ұлытау (489,1 мың теңге) облысы.
Бұл аймақтарда ер мен әйел арасындағы жалақысы бойынша өте үлкен айырмашылық байқалды.
"Маңғыстау облысында ерлердің айлығы әйелдердің жалақысынан екі есе, Атырауда 85,9%-ға, Ұлытауда 68%-ға артық", – деді сарапшылар.
Жетісу облысы – әйелдердің айлығы ерлердікінен көп жалғыз өңір.
Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалақыдағы айырмашылық аз.
Мына өңірлерде әйелдердің орташа айлығы жоғары:
Астана 365,1 мың тг;
Атырау облысы (339,8 мың теңге);
Алматы (320,1 мың теңге).
Сарапшылардың айтуынша, тек білім беру саласындағы әйелдердің орташа айлық жалақысы ерлердікінен 4,8%-ға артық. Әйелдердікі 251,4 мың теңге болса, ерлердікі – 239,8 мың тг.
"Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (535,8 мың теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (460,2 мың теңге), Ақпарат және байланыс (403 мың теңге) салаларында әйелдер көп жалақы алады", – делінген зерттеуде.