Түркияның Конья провинциясындағы ауылда кенеттен тереңдігі 12-15 метр, диаметрі шамамен 37 метр болатын алып шұңқыр пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hurriyet порталына сілтеме жасап хабарлайды. Пайда болу себептері әлі анықталмаған. Жергілікті тұрғындар бұл құбылыс олар үшін қалыпты жайт екенін айтады. Тек ауылға алғаш рет келгендер сәл таң қалқалып, шоши қарайды екен. Кония Технология университетінің шұңқырларды зерттеу орталығының директоры Фетулла Арык жаңбырлы кезеңдерден кейін шұңқырлардың пайда болуының арта түсетінін алға тартты. Бұл жағдайда жер сілкінісі де факторлардың бірі болуы мүмкін.