Желіде тұрғын үй алдындағы орындықта қимыл-қозғалыссыз отырған ер азаматтың бейнежазбасы тарады. Бейресми ақпарат бойынша көршілердің арасында өзара кикілжің туындап, біреуі екіншісінің басынан ұрып өлтіріп алғанға ұқсайды.
"Қаладағы мөлтекаудандардың бірінде 1983 және 1994 жылы туған екі ер адам өзара сөзге келіп, төбелескен. Екіншісі алған дене жарақаты салдарынан қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда" делінген Атырау қалалық полиция басқармасының хабарламасында.
Ал, тұрғындар нақты не бөлісе алмаған, оны тергеу ісі анықтамақ.