Төрт күн бұрын ғана өз-өзін өртеген 1961 жылы туған ер адам бүгін сағат 04:30-да көз жұмды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. Оның мұндай қадамға баруына отбасындағы жағдай себеп болған. Доссор ауылының тұрғыны Атырау облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ес жимастан қайтыс болған.
Еске сала кетсек, марқұмның денесінің 81 пайызын күйік шалған болатын.