RSS лента

Укол аламын деп көз жұмды...

  • 21.12.2023, 17:05,
  • 666
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

51 жастағы әйел қалалық №1 емханаға барып, укол алған соң көз жұмды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 1972 жылы туған әйел 24 қараша күні құлағына қатысты шағыммен аталған емханадағы отоларинголог дәрігердің көмегіне жүгінген. Кейін 13 желтоқсанда жеке сурдолог дәрігердің нұсқауымен процедуралық бөлмеге жолдама алу үшін өзінің учаскелік дәрігеріне барған. 14 желтоқсанда сағат 9.15-те бірінші укол алғаннан кейін өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Дәрігерлер сол бойда жедел жәрдем шақырған. Оған дейін өздері жедел медициналық көмек көрсеткен. Алайда, өкінішке орай, сағат 9.51-де биологиялық өлім тіркелді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости