RSS лента

Әйел өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті!

Эквадордың 76 жастағы тұрғыны өзінің жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ұлының айтуынша, анасы табыттың қақпағын қаққан. Кейін оны ауруханаға апарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. Дәрігерлер алғаш рет 9 маусымда Бабахойо қаласында Белла Монтояның қайтыс болғанын хабарлайды. Кейін мәйітін жерлеу үшін туыстарына беріп, денесін табытқа салады.

 

“Бізге тіпті оның өлгені туралы куәлік берілді", – деді оның ұлы Гильберт Барбера жергілікті БАҚ-қа.

 

Жерлеу рәсімі басталғаннан кейін шамамен бес сағат өткен соң, әйелдің туыстары табыттан дыбыстар ести бастаған. Табытты ашып көргеннен кейін отбасы мүшелері оның қатты дем алғанын көреді.

 

"Бәріміз қорқып кеттік", – дейді Барбара.

 

Алайда, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қарияның туыстары жерлеу рәсіміне дейін оның киімін ауыстыру үшін табытты ашқан кезде өмір белгілерін көрсеткен. Әйелдің тірі екендігі белгілі болған кезде туыстары жедел жәрдем шақырып, оны көз жұмды деген ауруханаға қайта апарған. Оқиғаға дейін Монтойя инсульт алды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген.

 

“Оның жүрегі тоқтап, тыныс ала алмаған. Реанимациялық әрекеттерге де жауап бермеген. Сондықтан кезекші дәрігер оның көз жұмғанын растаған", – делінген Эквадор Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

 

Қайта ем алу кезінде оның жағдайы тұрақталғанымен, ол ұзаққа созылмады. Монтойя жеті күн жансақтау бөлімінде жатқан. Кейін Эквадордың Денсаулық сақтау министрлігі оның ишемиялық инсульттан қайтыс болғанын хабарлады.

 

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, ол жергілікті зиратқа жерленді. Эквадор билігі болған жағдайды тексеріп, осы ауруханада өлім туралы куәлік беру процедурасын қарамақ, деп хабарлайды Associated Press.

 

Белла Монтоя ресми өлім туралы хабарланғаннан кейін "өмірге келген" жалғыз әйел емес. Ақпан айында Нью-Йорк штатындағы жерлеу үйінде 82 жастағы қарияның тыныстап жатқаны анықталған.

Оставить комментарий
Последние новости