RSS лента

Жарылыстан аман қалғандардың жағдайы қалай? (+фото)

  • 11.11.2021, 23:53,
  • 791
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

«Балауса» ықшам ауданындағы тұрғын үйде болған газ жарылысынан зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр. Олар қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуі де өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Облыстық аурухананың травматология бөліміне үстерін күйік шалған 3 науқас түсті. Оның ішінде екі науқастың, 2002 ж туылған екі науқастың жағдайы өте ауыр. Қазіргі таңда реанимация бөлімінде жатыр. Денелерін күйік шалған. Күйіктің көлемі 90-95%. II-III степень. 99 жылғы қыз бала травматология бөлімінде жатыр. Оның күйік шалған көлемі 35%, I-II степнеь. Ол кісінің жағдайы қалыпты ауыр жағдайда,-дейді Атырау облыстық ауруханасы травматология бөлімшесінің меңгерушісі Бекет Құлниязов.


Оқиға бүгін түнгі сағат 1-лер шамасында болды. Жылыту қазандығы жарылып, жалпы аумағы 120 шаршы метр болатын тұрғын үй түгел жанып кеткен. Өрт 6 техниканың көмегімен арада бір жарым сағат өткенде сөндірілді. Қазір оның шығу себебі мен шығын анықталу үстінде.


Алдын ала мәлімет бойынша бұл жақта газдың шығуы, яғни утечка дейді ғой орысша тілмен айтқан кезде. Предварительная причина пожара. Соның себебінен өртке әкеп соққан. Тағы да айта кетемін, өрттің себебі мен барлық мән-жайы, қандай шығын келтірілді соның бәрі қызметкерлермен анықталуда, — деді Атырау қалалық ТЖБ бастығы Нұржан Жақатаев.


Құтқарушылар жылыту маусымы қарсаңында үй-үйді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын қанша жүргізсек те, тұрғындар қауіпсіздік талаптарын сақтай бермейді дейді. Жалпы қалада жыл сайын орташа есеппен 8 жылыту қазандығы жарылатын көрінеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости