Бүгін, 16 қаңтарда сағат 14:50–де call-орталыққа Атырау қаласында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан тез тағам дайындайтын дүңгіршектердің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі дереу оқиға орнан жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Бір қызығы, бейресми мәлімет бойынша дүңгіршіктің ішінде қасиетті Құран кітабы отқа жанбай, аман қалған.
Облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобынан білгеніміздей, «тілсіз жау» салдарынан жалпы ауданы 32 шаршы метр болатын дүңгіршектің ішкі қаптамасы отқа оранған. Қызыл жалын сағат 15:11-де жойылды. Зардап шеккендер жоқ.