6 қараша күні сағат 11:00 шамасында "102" операторына Атырау қаласында орналасқан микроқаржы ұйымын тонады деп 1983 жылы туған әйел адам хабарлаған болатын. Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында Мұса Баймұханов көшесі тұсында медициналық маскамен кеңсеге кіріп, күдік тудырған ер адамды байқап, учаскелік полиция инспекторларына бағыттама берген. Полицейлер оқиға орнына жетіп, кеңсе қызметкерін үшкір затпен қорқытып, қарақшылық жолмен 341 мың теңгені тонап, оқиға орнынан бой тасалаған ер адамды ізін суытпай ұстады.
Қазір 40 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен, яғни қарақшылық дерегімен тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.