2 қараша күні сағат 11:11 шамасында Авангард ықшам ауданындағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адам тапаншамен сатушыны қорқытып. 208 мың теңгесін алып кеткен. Аталған оқиға бойынша жедел басқару қызметіне хабар түскеннен кейін полицейлер аз уақыт ішінде күдікті тапты. А. есімді азамат MP-65K травматикалық тапаншасымен қаруланғандығы анықталды.