RSS лента

Қазақстанда "великан" тұрады! (+видео)

  • 09.11.2022, 00:41,
  • 513
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Атыраудан шыққан «алып жігіт» Парасат Нұрғалиев елге жаңа қырымен танылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бейнежазба осы жерде!


Бойы 2 метрден асатын, салмағы 150 келі болатын және 58-ші өлшемді аяқ киім киетін ол «Жайдарман» сахнасында өнер көрсетіп, би биледі. Өзі кішкентай күнінен актер болуды армандағанын айтады. Жуырда сол арманы орындала бастағанға ұқсайды. Әлеуметтік желіде жүрген Парасаттың биі көпшіліктің оң пікіріне ие болуда. «Жарайсың, қазақтың нар жігіті!», «Парасат бұрынғыдан гөрі көпшілікке ашылып, жаңа қырымен танылып келеді», «Құдайым тіл-көзден сақтасыншы, аман жүрсін», «Енді танымал актер атанып, халықтың алғысын ал!» деген пікірлер толассыз жазылып жатыр.



Айта кетейік, Парасат қазір Индер ауданындағы Құрылыс ауылында анасымен бірге тұрады. Жасы 27-де. Отбасында үш ағасы мен бір апасы бар. Мектептен соң дәнекер мамандығын меңгеріп шыққан. Әзірге құрылыс бағытында түрлі жұмыстар атқарып, тамақ асырап жүр.


«Анамның айтуынша, мен өмірге келгенде салмағымда да, бойымда да ерекшелік байқалмапты. Бауырларым да орта бойлы, бір қалыпта. Алайда, әжем ірі сүйекті адам болған. Әкем де ұзын бойлы, кең иықты, ірі саусақты болыпты. Менің бойым алтыншы сыныпта оқып жүргенімде өсе бастады. Ал, меткеп бітірген кезде салмағым 120 келіге, бойым 2 метрге жетті» дейді Парасат Нұрғалиев.


Бір қызығы, жазда аяқ киім таба алмаған Парасат көлік дөңгелегінің қаптамасынан (покрышка) өзіне жеңіл аяқ киім жасап алған. Ал, қазіргідей күн суытқан мезгілде өлшемі ең үлкен деген аяқ киімнің басын кесіп, қалың оранып алады. Кейін шеберлердің бірі оның аяғының өлшеміне сай арнайы қалып жасап, аяқ киім тігіп беріпті. Онысы көңілінен шығып, қатты қуанған. Иә, сірә, мұндай батыр ұрпақтың бар екенін мақтан етіп, оның иығына ұлттық нақышпен шапан жауып, құрмет көрсетсек те артық епейтін секілді.


 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости