RSS лента

Геральдист деген кім?

  • 13.03.2023, 23:28,
  • 505
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Геральдиканың шығуы латын сөзі «Геральдус» глаштай деген мағынадан басталады.

Геральдикалық зерттеулің негізгі мәні жекелеген тұлға, әулеттің тегі, мемлекет мекеме және тағы басқа символдық белгісі - гербтің анықтау болып табылады. Гербтің басқа символдық белгілерден айырмашылығы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалады. Түрлі символдық белгілер немесе эмблемалар ежелден-ақ пайдаланған. Мұндай айыру белгісі ХІ-ХІІ ғ. Гербтерге айналды.

 

Гербтердің шығуының негізгі себептері орта ғасырдағы рыцардың жүзін жаулап тұратын, әскери сауаттын шығуымен байланысты болды. Орта ғасырлық батыс Еуропада өтетін рыцарлық әскери турнирлер гербтерді сипаттайтын арнайы мамандар геральдтардың шығуына себепші болды. Осылайша рыцарлардың айырма белгісі мұраға қалып отырған. ХІV ғасырдың Батыс Еуропа елдерінде «Геральдия» деп аталған теориялық және практикалық геральдика мәселелерімен айналысатын арнайы мекемелері ашылды.

 

Сонымен қатар, гербті құрастырушылардың қатаң тәртіпте де жұмыс істеген. Геральдиялық қызметтің нәтижесі түрлі гербтік анықтамалар жасау болды. Бірте-бірте мұндай жұмыспен мемлекеттік ұйымдар айналысты. Рессейде геральдика ХVІІІ ғасырда пайда болды. 1722 жылы Петр бірінші «Геральмеистрлік контор» болып ашып, оған қалалық және жеке гербтерді жасауды тапсырды. 1726 жылы Ғылыми академиясы жанынан Геральдика кафедрасы ашылып, ХVІІІ ғ. соңына дейін 500 қалалық герб бекітілді. Сонымен қатар губерниялық және уездік қамалдырды гербтерін қосып бейнелеу орын алды.

 

Ұлы қазан революциясынан кейін Кеңес мемлекетінің алдында жаңа герб жасау мәселесі тұрды. Сол кезде Қызыл революциясының көшбасшысы болған В.И.Лениннің тапсырмасымен  1918 жылы мемлекеттік мөр дайындау қолға алынды. Жаңа жоба 1918 жылы 19 маусымда бекітілді. 1918 жылы шілдіде бүкіл рессейлік кеңестік съезде РСФСР-дің мемлекеттік гербі қабылданды.

 

СССРО-нің алғашқы гербінің суратшілері И.И.Дубасов және В.П.Корзунның жобасы бойынша жасалды.

 

КСРО өмір сүруін тоқтатқан кезде гербтің шығармашылығы мәселелері өзекті мәңге ие болды. Бұрынғы КСРО-ның барлық дерлік республикалары жаңа мемлекеттік рәміздерін тәуелсіздік жолында қайта жасақтады.

 

1990 жылы «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданған болатын. Шындығында, бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы еді.

 

Қазақ КСР егемендігін жариялап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Онда тұңғыш рет аумақтардың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және татулығы, Қазақстан халықтары мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидалары бекітілді. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталды.

 

Рәміз - тарих, мәдениет, сонымен қатар ұлттың ерекше менталитетімен нығайтылған мәліметтер жиынтығынан тұрады. Егер адамзаттың басынан өткен белгілі бір уақыттағы тарихи оқиғалары туралы  білмесек де, мұра ретінде тарихи дәуірден қалған ерекше белгілер болып табылады.

 

  Екі жыл бұрын Қазақстанда геральдикалық зерттеу орталығы ашылып, өз қызметін бастап одан әрі өз жұмысын жасап келеді.

 

  Геральдика дегеніміз не? Осы сұраққа қысқа-нұсқа жауап іздеп көрсек.

 

  Ұлы қазақтың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін геральдика жүйесі орнатылмаған. Оның орнында ұлттық нақыштағы археологиялық қазба байлықтарынан: жалау, хандардың мөрі, картаграфия, хат-хабар, т.б. жәдігерлер қазақтың рәмізтанудың дәлелі.

 

Өкінішке орай, бүгінгі таңда Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында рәмізтанушыға арналған бірде-бір мамандық жоқ болып шықты.

 

Дегенмен, бізде бірнеше азаматтарымыз өздерін «геральдист» деп атқа таңба басқандай өз-өздерін мадақтап жүргендері бар.

 

Рәмізтану ілімін алғашқы негізін қалаған рәмізтанушы, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі, ҚР тұңғыш Мемлекеттік рәміздерін әзірлеу жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы Ербол Шаймерденұлы – саналы ғұмырын еліміздің мәдениеті мен баспасөзінің, тіл саласының өркен жаюына арнаған  қоғам қайраткері. Ол мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде 1992 жылы қабылданған мемлекеттік рәміздерді әзірлеу, ұлттық  геральдиканы қалыптастыру ісіне  айтулы үлес қосты, еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы бірнеше еңбектер жазды.

 

Сонымен қатар, рәмізтану тақырыбында ерекше мән беріп, бұл тақырып бұрын-сонды зерделенбегендіктен, жауапкершілігі зор болатын.

 

Сондықтан әңгіменен қорыта келгенде, «Геральдикалық орталығы» деген сөзді «Рәмізтану орталығы» деген ұғымға ауыстырылса құба-құп болар еді.

 

Руслан ХАМЗА,

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі

ұлттық орталығының атқарушы директоры,

Қазақстанның журналистер Одағының мүшесі,

Атырау қаласы

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости