Бұл рас па және жеке бұл бейнебақылау жүйесі деректерді қорғау тұрғысынан қаншалықты қауіпсіз екенін stopfake.kz түсіндіріп өтті. «Сергек» камералары Қытайда шығарылғаны, сондықтан қазақстандықтар туралы ақпарат шетелге жіберілетіні туралы Желі қолданушылары 2019 жылы айтқан болатын. Бұл шындыққа жанаспайды. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен жұмыс алгоритмдерін толығымен қазақстандық IT мамандар жасаған. Бұл бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер – «Көркем Телеком» компаниясы.
2021 жылы аталған компанияның басқарма төрағасы Әсет Ахметов халықтың қауіпсіздігіне байланысты IT-шешімдердің егеменді болуы аса маңызды екенін айтқан.
Sergek Group баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Сергек» камералары жинаған деректер басқа елдерге берілмейді.
«Сергек» қоғамдық қауіпсіздік жүйесі камераларынан алынған деректер 30 күн, ал Жол қозғалысы ережелері бұзылғаны туралы деректер қазақстандық серверлерде мерзімсіз сақталады. Деректер құқық қорғау органдары үшін қол жетімді. «Сергек» камераларындағы деректерді шетелдегі үшінші тұлғаларға беру мүмкін емес», – деп хабарлады компания.
Демек, «Сергек» камераларының деректері Қытайға берілетіні туралы ақпарат – фейк. Камералармен жиналған деректер қазақстандық серверлерде сақталады және шетелге жіберілмейді.