Ғажайыбы сол баланың бірнеше сынықтары болғанымен өміріне еш қауіп төнбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mothership басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Басылымның мәліметінше, бүлдіршін "Том мен Джерри" мультфильміндегі көрініске шабыттанып, ойланбастан сол әрекетті қайталауға шешім қабылдаған. Ол 26-қабаттағы пәтер балконынан секіріп кеткен. Бұл кезде бала үйде жалғыз болған. Әке-шешесі жұмыста жүрген. Ал оған қараған әжесі әпкесіне кеткен.
Оқиға орнына келген дәрігерлер баланың бірнеше сынықтары болғанымен, өміріне қауіп төнбегенін мәлімдеді. Мамандар бұл ғажайыпты баланың салмағы тым аз болғандықтан, құлау барысында жерге тигенге дейін ағаштарға соқтығысқаны көмектесті деп тұжырымдады.