Олар одан туыстарына қоңырау шалуға болатынын түсінбеуі мүмкін, сондықтан оны музыкалық ойыншық ретінде қабылдап, батырмаларын оңды-солды басады. Ал ересектер бұл гаджетсіз өмірін елестете де алмайды. Телефонның тарихын білу баршаға қызықты болса керек. 1973 жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының инженері Мартин Купер 2,5 келі тартатын Motorola DynaTAC 8000X ұялы телефонынан компания кеңсесіне алғаш рет қоңырау шалды. Содан бері адамзат басқаша өмір сүре бастады, өйткені қай жерде жүрсең де абонентпен дереу байланысу мүмкіндігі пайда болды.