RSS лента

Жасөспірім сирек кездесетін ауруға ұшырады

  • 02.01.2023, 01:20,
  • 696
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Үндістанның Джарханд штатындағы ауылда жасөспірімнің қолы 60 сантиметрге дейін өсті, оған "шайтанның баласы" деген лақап ат берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror сайтына сілтеме жасап.

16 жастағы Мұхаммед Калим макродактилиямен ауырады. Соның кесірінен саусақтары мен қолдары ұлғайып, дененің асимметриясы туындады. Сирек кездесетін ауруға байланысты Калимнің әр қолының салмағы шамамен сегіз килограмм.


Аурудың кесірінен құрдастары одан өздерін алшақ ұстайды және оны халк деп атаған. Оған сәтсіз ота жасалған, содан кейін қолдары тез өсе бастады.


Мұхаммедтің туыстарының айтуынша, оған әрдайым көмек керек. Ол  тамақты өзі жей алмайды және жуына алмайды. Бірақ ата-аналары жақсыдан күдер үзбейді және ұлына көмектесетін білікті мамандарды табуға тырысады. Калимнің әкесі Мұхаммед Шамим ұлы толыққанды өмір сүре алмай қала ма деп алаңдайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости