RSS лента

Жүзден аса адамды 99 млн теңгеге алдап кетті

  • 16.11.2022, 18:14,
  • 349
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

99 миллион теңгеге жүзден астам адамды алдап кеткен интернет-алаяқ өз оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Polisia.kz мәлім еткендей, Андрей мектепте жақсы оқыған, ІТ-технологияларды меңгерген үздіктердің бірі болыпты. Бұл оған жұмысқа орналасуға көмектесті. Мемлекеттік сатып алулар бойынша ұқыпты маман ретінде жұмыс істеді. Бірақ Андрей тиімді және қызықты жұмыс іздеуді тоқтатпады. Бос уақытында әлеуметтік желілерді қарап, тұтынушылардың сұранысын зерделеді. Ол Instagram желісінде интернет-дүкен ашып, Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды нарық бағасынан бірнеше есе төмен бағамен жеткізуді жарнамалады. Қызығушылық білдіргендер көп күттірмеді.

 

– Мен адамдардың аңғалдығына таң қалдым. Оларды бопсалаған жоқпын, көндірмедім. Көбісі Apple смартфонын қалады. Қымбат телефондар үшін адамдар алдын ала төлем жасап, тапсырыс беріп отырды. Бірде клиенттерге белгісіз себептермен жеткізу сәтсіз аяқталды, оны анықтауға уақыт керек деп едім, олар сонда да сол сұраған соманы қайта лақтырып жіберді, – дейді Ақмола колониясының сотталғаны.

 

Бұл оқиға шамамен 8 айға созылған. Андрейге жұмысын іске асыру үшін тек компьютер мен бір-екі телефон керек болды.

 

 – Толқумен бірге ақшаның дәмі сезілді. Бірақ тұтқынға алынуыма үш апта қалғанда мен бұл істі тоқтауым керек деп ойладым. Олардың жақында маған келетінін сездім, – деп еске алады Андрей.

 

2020 жылдың шілдесінде ол полицейлермен ұсталды. Анықталғандай, Андрейдің қолынан жеті жарым айда 99 млн теңгеге жүзден астам адам зардап шекті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости