RSS лента

Әкім тракторға мініп, қар күреді

  • 16.02.2023, 16:25,
  • 271
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Әділет ҚАНАТҰЛЫ

Turantimes.kz тілшісі әлеуметтік желіде тараған Атыраудағы Дамбы ауылдық округінің әкімінің трактормен қар күреп жатқан видеосына қатысты өз пікірін білді.

Бейнежазбадан аталған округ басшысының трактор тізгінін өзі қолға алып, қар күреп жатқанын көруге болады.


– Мен тракторист емеспін, бірақ көлік жүргізуші мамандығын меңгергем. 1980 жылдан бері көлік тізгіндеп келемін. Менің 1949 жылы туған ағам Бисенбай Байзуллин Амангелді атындағы колхоздың маңдайалды тракторшысы, әрі көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшесі, домбырашы, сал сері болған. Мектеп қабырғасында 3-4 сыныпта оқып жүргенімде ол өзінің таркторын үйдің алдына әкеліп қоятын. Сол кезде техникаға қызығушылығым ояна бастады. Сөйткен ағам 1972 жылы өмірден өтті, - дейді ол.


Қалаға қар жауған 8 ақпан күні Ұзақбай Шораұлы тракторды өзі тізгіндеп, күні бойы ауыл көшелерін қардан күрегенін айтады.


«Алдымен траткор жүргізушісінен қарды қалай күрей қажеттігін сұрап біліп алдым. Кейін түсінген соң рөлге өзім отырдым. Менің ойымша, әр азамат ел басына күн туғанда етігімен су кешуге де дайын болуы керек деп ойлаймын. Сол сияқты, мен де табиғи апат кезінде де қол қусырып қарап отыра алмадым» дейді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости