RSS лента

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

  • 08.09.2021, 01:12,
  • 1 411
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Ішкі істер және цифрлық даму министрліктері бірлесіп бұйрық шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аталған бұйрық негізінде «Әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауды оңтайландыру» пилоттық жобасы қолға алынбақ.


Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтына жарияланып, қоғам талқысына түсуде. Пилоттық жоба алдағы 1 қазаннан келер жылдың 30 қыркүйегіне дейін іске асырылады.

 

Жүргізуші куәлігін алу үшін алдымен теориялық, одан кейін практикалық емтихан тапсыру керек. Бұрын емтиханның бірін тапсыра алмаған адам келесі күні тағы шақырылатын. Ал жаңа бұйрықтың жобасына сәйкес, қайта тапсыру үшін арада кем дегенде бір күн уақыт өту керек, бұл екі емтиханға да (теориялық және практикалық) қатысты. 

 

Сондай-ақ, теориялық емтиханды тапсыруға бір күн қалғанда электронды үкімет порталы арқылы өтініш беріп, нақты күнін, уақытын және орнын таңдауға мүмкіндік бар.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости