RSS лента

Атыраулық оқушы Америка әншісін таңқалдырды (+видео)

Автор фото: скриншот

Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрәлі Бектеміровтің әлеуметтік желіге жарияланған видеосы көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Нұрәлі Бектеміровтің мәнерлеп сырғанаған видеосы әлеуметтік желіге  12 қаңтар күні салынған. Видео желі қолданушыларының қызығушылығына лезде ие болды.  Әсіресе оқушының өнеріне америкалық әнші Зак Грэйдің өзі тәнті болып, видеоны өз парақшасында жүктеген.

 

–    5-ші сыныптан бастап спорттық шараларға белсене қатысып келемін. Әсіресе, коньки тебу, хоккей ойнауға қызығушылығым жоғары. Желіде тез таралған видеоға келер болсақ, оны ағам Әди Бектеміров түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен еді. Кейін видеода қолданылған әуеннің орындаушысы Зак Грэйдің өзі «осындай тамаша туындыға  менің әнім қойылғанына қуаныштымын» деп пікірін білдірді, – дейді өнерпаз оқушы Нұрәлі Бектеміров.

 

Қазіргі уақытта атыраулық оқушының танымалдылығы артуда.

 

Аталған видео туралы Зак Грэй отандық журналистерге сұқбат беріп үлгерді. Ол Нұрәлі Бектеміров пен ағасы Әди Бектеміровке туындылары үшін алғыс білдіріп, жуық арада Қазақстанға келгісі келетінін айтады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости