Желіден шыбындар жақын түсірілген бейнелерді табуға болады.
1924 жылы Стэнли Бромли Tabanus atratus анатомиясын егжей-тегжейлі сипаттаған. Бүгінде оның жұмысын Массачусетс университеті кітапханасының веб-сайтынан табуға болады.
Қазіргі кезде мінсіз құрылымы бар дрондар әлемде жоқ. Ғалымдар көбінесе табиғаттан шабыт алады, ал жәндіктерге ұқсайтын ұшатын роботтар сирек кездеспейді. Дегенмен, олардың бәрін шыбындардан, көбелектер мен инеліктерден оңай ажыратуға болады.
Мысалы, 2012 жылы Джонс Хопкинс Университетінің мамандары көбелек тәрізді робот құрастырды, бірақ қолдан жасалған жәндіктің «денесі» нағыз көбелектің денесіне қарағанда пластикалық жақтауға ұқсайды.
Сол жылы Желіде Африкада адамдарды бақылауға арналған робот маса табылғаны туралы фейк тарады. Snopes басылымы олжаны «растайтын» фотосурет құрылғының нақты суреті емес, графикалық редакторларда жасалған концепт-сурет екенін дәлелдеп, бұл теорияны жоққа шығарды.
Демек, видеода робот емес, нағыз шыбын – Tabanus atratus немесе жылқы шыбыны көрсетілген.