RSS лента

Емханадағы сұмдық ақпарат расталмады

  • 15.01.2026, 13:22,
  • 57
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы қалалық №4 емханаға қатысты әлеуметтік желілерде таралған анонимді шағымды қарап, тиісті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан ақпараттардың шындыққа жанаспайтыны мәлімделеді. Аталған мәліметтер анонимді түрде таратылған және нақты дәлелдермен расталмаған. Сенімсіз ақпараттың таралуы емхананың іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, медициналық қызметкерлердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Бұл әрекеттер жалған ақпарат тарату және жала жабу белгілерін қамтиды. Осыған байланысты, аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құзырлы органдарға ресми арыз жолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр" делінген мәлімдемеде.


 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости