Олардың әрекеті көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, ұсақ бұзақылық ретінде сараланды – қоршағандарға құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу (ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі).
Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған іс бойынша үш құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.
ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді.
Сот әкімшілік жаза түрі мен мөлшерін анықтағанда, құқық бұзушылардың ауырлататын мән-жайларының жоқтығын, жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауы мен жасаған ісіне өкініш білдіруін, сонымен қатар қоғамдық мінез-құлық нормаларын елемегенін көрсететін құқық бұзушылықтың нақты мән-жайларын ескерді.
Соттың қаулысымен түсірілімге қатысушылар ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып оларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – әрқайсына 78 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.

