Сотта анықталғандай, Ж. алкогольдік ішімдік ішкен орта дәрежелі масаң күйде 2025 жылғы 13 мамырда сағат 07.00 шамасында «EXEED LX» автокөлігінің үстіне аяқпен шығып, төбесін майыстырып, осылайша, бөтен мүлікті қасақана бүлдірген.
Ж.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да іс материалдармен расталады.
Сот құқық бұзушы Ж.-ға әкімшілік жаза қолдану барысында оның кінәсін мойындап, әрекетіне өкінуін оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.
Сот қаулысымен Ж. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.