Бұл туралы Исатай аудандық соты мәлім етті. Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы А. 2024 жылдың қыркүйек айында өз жұмыс орнында әріптесіне былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот қаулысымен А. кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.