Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Т.-ның 2009 жылы туылған кәмелетке толмаған ұлы С. транзит автөкөлігін жүргізуші куәлігі жоқ күйде басқарғаны анықталған. Бұл туралы Атырау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлім етті. Құқық бұзушы өз әрекеттерімен бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, оның тәрбиесімен жетік айналыспай, кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы салдарынан кәмелетке толмаған қасақана әрекет жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы жасаған кінәсін толықтай мойындап, ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.