RSS лента

«Instagram» арқылы діни материал таратқан

  • 11.07.2024, 14:08,
  • 326
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  490-бабының 1-бөлігінің  3-тармағымен азамат С.А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сотта анықталғандай, азамат С.А. «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы діни мазмұндағы материалдарды таратқан. Соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, сот отырысында С.А. кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Сот қаулысымен азамат С.А. ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігінің 3- тармағымен кінәлі деп танылып, оған қысқартылған тәртіпте 129 220 теңге әкімшілік айыппұл салынды. ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости