Бұл туралы біз Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотынан білдік. Сотта Қазақстан Республикасының ӘҚБтКнің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау).
2025 жылғы 1 қарашада сағат 17.35 шамасында азаматша М. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті тұсында темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген орынға тастаған, яғни ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған.
М.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен, бейнежазбамен толық дәлелденді.
Сот, құқық бұзушы М.-ға әкімшілік жаза қолдану барысында оның кінәсін мойындап, әрекетіне өкінуін оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.
Сот қаулысымен құқық бұзушы М. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеhінде әкімшілік айыппұл салынып, жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ескеріліп, айыппұл сомасы 30%-ға, яғни 27 524 теңгеге қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.

