Мұнда мамандармен кездесулер, кәсіпорындарға экскурсиялар, кәсіби сынамалар өткізу, практикалық тапсырмалар орындау қамтылған. Нұсқаулықтың мазмұны «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылық негіздерімен үйлестірілген. Бағдарламадағы негізгі қағидаттары – еңбекке құрмет, жеке жауапкершілік, адалдық, азаматтық белсенділік және қоғамға қызмет ету. Мектепішілік жобалар, волонтёрлік бастамалар, тәлімгерлік және кәсіби сынамалар арқылы оқушылардың бойында кәсіби этиканың базалық нормалары, еңбек мәдениеті, қауіпсіздік дағдылары және командалық жұмыс дағдылары қалыптасады.
Академия нұсқаулықты 1–4, 5–7, 8–9 және 10–11-сынып деңгейлерінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жоспарлау және іске асыру үшін практикалық құрал ретінде пайдалану ұсынылады.

