RSS лента

Қазақстанда «педагог-профориентатор» лауазымы пайда болды

  • 31.03.2025, 11:30,
  • 30
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

 

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:

 

- Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;

- Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

- Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;

- Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;

- Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

 

Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц