RSS лента

Астанада мың орындық «Студенттер үйі» салынады

  • 25.01.2024, 17:46,
  • 126
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қазіргі таңда елордада 32 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда 36 287 студент оқиды, оның 20 мыңнан астамы – грант иегерлері, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.



Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлім етті. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша, 2025 жылға қарай елордадағы жастардың 100 пайызы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіледі. Резидент емес студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету мақсатында 1000 орындық «Студенттер үйі» салынады.

 

Сұранысқа ие кадрларды даярлау үшін мамандарға қажеттіліктің өңірлік картасы – жаңа кәсіптер атласы әзірленді.

 

    «Қаланың еңбек нарығында алдағы 3-5 жылда сұранысқа ие болатын мамандықтар туралы түсінік пайда болды. Биыл қаланың кәсіпорындарымен, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, дуальды оқыту бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінгі таңда дуальды оқыту жүйесіне 298 кәсіпорынның қатысуымен 60 мамандық бойынша 23 колледж тартылды», – деді Қасымхан Сенғазыев.

 

2023 жылы елордалық үш колледжде алғаш рет 10-11 сынып оқушыларына (170 оқушы) арналған мамандықтар бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді.

 

Пилоттық жобаға сәйкес, 1,5 жылдан кейін орта білім туралы аттестатпен бірге оқушылар тігінші, аспаз, автогазбен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша диплом алады.

 

Сонымен қатар биыл кәсіпорындар мен ұйымдардың өтінімдері бойынша кадрларды нысаналы даярлауға мемлекеттік тапсырыс 500-ден 1000 орынға дейін ұлғайды.

 

2023 жылдың қорытындысы бойынша колледжді 7,5 мың студент бітірді, оның ішінде 6,4 мың студент жұмысқа орналастырылды (3,5 мың студент мамандық бойынша жұмысқа орналасты).

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости