«Барлық студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мүмкін емес екені анық. Бұл әзірге жүйелі мәселе, бірақ Министрлік осы бағытта жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, біздің ведомство студенттерге жатақханалардан орын алуға көмектесетін ахуалдық орталық құрды», - деп атап өтті ведомство басшысы Саясат Нұрбек
Сондай-ақ, Саясат Нұрбек студенттердің мәселелеріне бей-жай қарамайтын қоғам қайраткерлері мен азаматтарды ахуалдық орталықтың құрамына кіруге шақырды.
Студенттердің тұрғын үймен туындаған проблемаларына жедел ден қою үшін ахуалдық орталықта +77002551443 нөмірлері бойынша call-орталық іске қосылды, ол 24/7 жұмыс істейтін болады.
«Орын тапшылығы бойынша проблемаларды жүйелі шешу үшін биыл біз Алматы мен Астанада жатақханалар салу бойынша жобалық кеңселер аштық, өйткені орын тапшылығының 70% - ы осы қалаларға тиесілі. Сондай-ақ, мен бұған дейін жоғары оқу орындарында жөндеу жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырған едім. Оқу жылы басталғанша оқу орындарының бірінші басшылары жатақханалардың санитарлық және техникалық нормалардың талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударуы қажет», - деді Саясат Нұрбек.