RSS лента

Қазақстанда 500-ге жуық жаңа мамандық анықталды

  • 31.03.2025, 10:22,
  • 28
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Өңірлік карталарды әзірлеу қорытындысы бойынша 500-ге жуық жаңа мамандық анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Өңірлік карталарды әзірлеу қорытындысы бойынша 500-ге жуық жаңа мамандық анықталды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында экономика салалары бойынша ел өңірлері бөлінісінде кадрларды сапалы жоспарлау бойынша «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары шеңберінде 2022 жылдан бастап «Мамандығым – Болашағым» жобасы іске асырылуда. Ол ел өңірлеріндегі еңбек нарығының өзекті сұраныстарын ескере отырып, кадрлар даярлау жүйесін қайта форматтауға бағытталған. Бастаманы үйлестіру және тиімді іске асыру мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК базасында «Мамандығым – Болашағым» республикалық жобалық кеңсесі құрылды. Оның басшысы Олжас Сәкенов ОКҚ брифингінде кеңсенің қызметіне тоқталып өтті.


Республикалық жобалау кеңсесі жобаны жалпы үйлестіруді, сондай-ақ өңірлік жобалау кеңселерін әдіснамалық даярлауды жүзеге асырады. Бұл жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады. Яғни, алдын ала зерттеу жүргізу мен Форсайт мектебі. Соның негізінде Кадрларға қажеттілік қорытынды Өңірлік картасы қалыптастырылады.

 

«Жоба аясында біз кәсіптік диагностика жүргіземіз. Диагностика Edunavigator платформасы арқылы іске асырылады. Ол платформа оқушыларға, мектептердің кәсіптік бағдар берушілеріне және Қазақстан облыстарының білім басқармасының өкілдеріне арналған кәсіптік диагностика құралы ретінде танылады. Оның негізі мақсаттары: оқушының өзі туралы түсініктерін қалыптастыру; кәсіби өзін-өзі анықтауға, кәсіби мансапты болжауға жәрдемдесу; білім алушылардың жеке қасиеттерін, қабілеттерін, бейімділігі мен қызығушылықтарын ескере отырып, мамандық таңдау», – деді спикер.

 

9 өңірде кадрларға қажеттіліктің Өңірлік карталары әзірленді: Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Жетісу, Ақмола, Жамбыл облыстарында және Астана мен Алматыда. Өңірлік карталарды әзірлеу қорытындысы бойынша 500-ге жуық жаңа мамандық анықталды. Еdunavigator.kz платформасының базасында 100 мыңға жуық оқушы кәсіби диагностикадан өтті. Жыл соңына дейін 5 өңірде жоспарлы нысаналы қаржыландыру негізінде атлас әзірлеу жұмыстары жүргізіледі. Қалған өңірлерде карталарды жергілікті бюджеттен құрастыру көзделген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц