7-11 сынып оқушылары үшін «Мансап компасы» платформасы енгізілді. Бүгінде ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту, оның ішінде басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Инвестициялық жобалардың тиімділігіне мониторинг жүргізу үшін оларды сапалы жоспарлау маңызды аспект болып табылады. Министрлік «Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасын жасады, оған сомасы 41 трлн теңгеге 168 мыңға жуық жұмыс орнын құратын 906 инвестициялық жоба бойынша мәліметтер енгізілді. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ брифингінде айтты.
Оның мәлімдеуінше, бүгінде Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Көлік министрліктерінің жобалары, сондай-ақ «Ауыл аманаты», «Серпін», «Дипломмен ауылға», «Ауыл ел бесігі» жобалары бойынша деректер енгізілді.
Бұдан бөлек ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасымен интеграциялау басталды.
Бүгінгі таңда 610 жұмыс беруші 3,8 мың бос орын орналастырды, 130 ТжКБ ұйымдары тартылды, 15 мың студенттердің сауалнамасы алынды. Ғылым және жоғары білім министрлігімен ЖОО-ларды тіркеу бойынша жұмыстар басталды.
Министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі платформалық жұмыспен қамту болып табылады. Бүгінгі күні 1 млн-ға жуық азамат Яндекс, Глово, Вольт сияқты түрліинтернет-платформаларда жұмыс істейді. Қазақстан үшін бұл кіру кедергісі төмен, икемді жұмыс кестесі және біріктіру мүмкіндігі бар еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде жаңа түрі. Алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс 1,6 млн адам санында бағаланып отыр, оның ішінде 900 мыңға жуық адам кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге келеді, олардың 400 мыңнан астамы жұмысшы мамандықтар болып табылады.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылғы қаңтарда салалық және өңірлік жоспарларды бекітті. Екіншіден, жұмыс берушілер,мектептер мен колледждер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, тәлімгерлік институтын дамыту көзделген. Үшінші бағыт - биыл 100 кәсіби стандартты әзірлеп, жаңарту. Төртіншіден, жыл бойы тұрақты негізде бос орындар жәрмеңкелері өткізіледі. Бесіншіден, жыл ішінде кемінде 500 мың оқушы мен ТжКБ студенттері «Электрондық еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасын пайдалана отырып, жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру дағдылары бойынша оқытумен қамтылмақ. Сондай-ақ «Мансап компасы» платформасының базасында 100 мың адамды қамти отырып, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі.