RSS лента

Ауыл шаруашылығында төрт ақпараттық жүйе іске қосылды

  • 03.10.2024, 12:01,
  • 50
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі, ол азық-түлік және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауылдық жерлерде елдің еңбек әлеуетін дамытуға ықпал етеді., деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазіргі заманда цифрлық технологиялар елдер экономикасының дамуында маңызды рөл атқарып келеді. IT-құралдарын енгізу ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Саладағы цифрландыру жайында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов ОКҚ алаңында баяндады. Оның мәлімдеуінше, цифрландырудың арқасында еліміздің өндіріс көлемін ұлғайтуға, экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай жасалады.

 

«Бүгінгі күні министрліктің құзыретінде төрт ақпараттық жүйе белсенді жұмыс істеп келеді. Тізбе ретінде айтып кететін болсақ, біріншісі – Субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесі, «Ауыл Аманаты» халықты кредиттеу ақпараттық жүйесі, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесі мен Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі. Сонымен бірге екі ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Оның бірі – Өсімдік шаруашылығының қадағалану ақпараттық жүйесі. Осы жылдың аяғында пилоттық режимде іске қосылып, ендігі жылдың соңына қарай бүкіл елге кең тарайтын жоба болып табылады», – деді спикер.

 

Осы жобаларды бірқалыпты іске қосу үшін агроөнеркәсіптік кешен экожүйесі бірыңғай цифрлық платформасына өткізіліп жатыр. 2023 жылдың басынан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі Субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесін іске қосты. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау аясында министрлік фермерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша 14 бағытта тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. 

 

Барлық қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде көрсетіледі, қызмет алушылар ретінде 90 мыңнан астам пайдаланушы және 350-ден астам қаржы институты тіркелген. Пайдаланушылар санының өсуіне мемлекеттік ақпараттық жүйеге енгізілген «Күту парағы» механизмі де себеп болды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости