ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бағдарлама аясында 321 кооператив 6,7 млрд теңгеге қаржыландырылды.
«2024 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 80 млрд теңге бөлу қарастырылған. Қаражат тапшы болған жағдайда облыс әкімдіктері жергілікті бюджеттерден қаражат бөле алады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5 пайыздан аспайтын мөлшерде несие беріледі. Шағын несиенің ең жоғары мөлшері 2,5 АЕК, яғни, 9,2 млн теңгені құрайды. Ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 8 мың АЕК, яғни 29,5 млн теңгеге дейін беріледі.