Ведомствоның ресми өкілі Олжас Тлебалдин атап өткендей, су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық иелері өтемақы алуға құқылы. Меншік иесі жануардың бірдейлендіру номерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорымен салыстыру жолымен; тіркелмеген жағдайда куәгерлерді тарта отырып, залалды өтеу жөніндегі комиссияның актісімен анықталады.
«Барлық өтінімдерді жергілікті әкімдіктер құрған ресми Комиссияларға ғана беру қажеттігіне назар аударғым келеді. Тек бұл жағдайда ғана өтемақы төленеді. Деректер жинаумен айналысатын әртүрлі штабтарға ұсынылған ақпарат төлемдер үшін негіз болып табылмайды. Су тасқыны кезінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, ҚР АШМ жанындағы «жедел желі» жұмыс істейтінін хабарлаймын. Жедел желі жұмысы 9.00-ден 18.30-ға дейін (7172) 57 33 58, 87470943381 нөмірлері бойынша істейді. Сонымен қатар, телеграмм-бот pavodki_kz_bot іске қосылды», - деді ресми өкіл ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Су басу аймақтарынан қауіпсіз учаскелерге 112,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануары эвакуацияланды. Өлген мал басы бойынша деректер үнемі жаңартылып отырады, бүгінгі таңда 7 035 өлген мал басы анықталды, олардың басым бөлігі - ұсақ мал.