RSS лента

Қызылордада 4000 тоннлық көкөніс қоймасы салынуда

  • 27.09.2024, 09:06,
  • 74
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Қызылорда облыстық әкімдігі

Өңірде көкөніс пен жеміс сақтауға және өңдеуге маманданған жетекші компанияларының бірі «Aray Food» жобаны іске асыруға 1,2 млрд теңге инвестиция салады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жоба аясында 5 камера орнату қарастырылған, олардың әрқайсысы 800 тоннаға дейін ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға арналған. Оны іске қосу Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарының көкөніс пен жемісті сақтау және өңдеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.


Жалпы, осы жылы өңірде 11 инвестициялық жоба іске қосылады, оның ішінде алтауы – өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу және күріш өндіру, екеуі – суару және т. б.

 

Жеті жоба пайдалануға берілді. Атап айтқанда, «Шиелі құс» ӘКК Қуаттылығы 45 тонна бройлер мяса өндіру бойынша жобаны іске асырды, «Бақдаулет-57»  ШҚ қуаттылығы 1000 тонна СТФ іске қосылды.

 

«РЗА»  АҚ және «Тан ЛТД» ЖШС су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, жүгеріге арналған егіс алқаптарын 1184 гектарға дейін ұлғайтты. 

 

Жобаларды іске асыру Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости